Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

Malim Админ

  • 04.03.2025

Атом электр стансасын салуға қаржының қандай көзден алынатыны әрірше белгісіз. Дегенмен Ұлттық экономика министрінің орынбасары Арман Қасенов бірнеше әлемдік тәжірибені мысалға келтірді.

Алдымен жеткізуші анықталады, содан кейін жоба құрылымы дайындалады. Содан соң жобаның өзі, оған қолданылатын технологиялар мен оның құны бойынша нақтылау жұмыстары жүргізіледі. Әзірге бұл мәселелер ашық күйде қалып отыр, нақты шешім қабылданған жоқ. Шешімдер белгілі болғанда, қаржыландыру қандай қаражат есебінен жүргізілетінін анықтаймыз, — деді Арман Қасенов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, АЭС құрылысына шетелдік жабдықты пайдаланған жағдайда экспорттық-несиелік агенттіктер арқылы несие қарастырылуы мүмкін. 

Мысалы, Қытайдан жабдық сатып алса, оны қаржыландырумен Қытайдың «Эксимбанкі» айналысады, Германияда «Гермес» агенттігі, ал АҚШ-та «Эксимбанк» бар. Олар әлеуетті қаржыландыру көзі бола алады. Сонымен қатар, халықаралық даму институттары да қаржыландыруды қамтамасыз ететін ықтимал көзі ретінде қарастырылады. Жалпы әлемдік тәжірибеде электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобалар тәуекелі төмен саналады. Мұнда қаржының табылатынына және оның тиімді шартпен ұсынылатынына ешқандай күмән жоқ, — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Фото: Midjourney




 

 

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

25.04.2025

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

25.04.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

24.04.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025
MalimBlocks
Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Балқаш көлінің су деңгейі көтеріліп жатыр

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады