Қазақстан халықаралық банктен 271 млрд қарыз алады

Оны өтеу мерзімі - 11 жыл

Malim Админ

  • 20.11.2024

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауына алды.

Заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілді.

«Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі - 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді палата депутаты Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы және «Қазақстан мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті. Осы екі құжат бойынша жалпы қарыз көлемі 105 млрд йенді құрайды.

Фото: 7kun.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

21.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

29.04.2025

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

19.04.2025

Алимент төлемеген әкелер түрмеге қамалды

08.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан ХҚД банкінен 46 миллиард теңге қарыз алмақ

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

Енді бюджет бойынша лимит сақтамаған әкімдер жазаланады

Елімізде өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды

Алимент төлемеген әкелер түрмеге қамалды