Қазақстанда коммуналдық қызмет шығыны 11%-ға өскен

Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды.

Берік Дәулетов

  • 09.07.2024

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары бір жылда 11%-ке өсті, деп хабарлайды Malim.kz

Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ға көп.

Әсіресе, елорда тұрғындарының шығыны көп, олар 103,7 мың теңге жұмсайды.

Бұл өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,5%-ға және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ға артық.

Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.

Осы уақытта тұрғын үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және басқа да отын түрлеріне баға биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бір айда 0,9%-ға және бір жылда 17,6%-ға өсті. Оның ішінде айлық динамикада қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 6,1%-ға, электр энергиясының құны 1,8%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметтерінің құны 1,7%-ға, су бұру қызметтерінің құны 0,2%-ға өсті.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады