Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі белгілі болды

2024 жылдың 4 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының көлемі - 856,4 млрд теңге (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,1% немесе шамамен 193 млрд теңгеге өскен).

Malim Админ

  • 24.05.2024

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан халқының зейнетақы жинағы 2024 жылдың 1 мамырындағы зейнетақы жинақтарының көлемі 19 трлн теңгеге жақындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2024 жылғы 1 мамырға 18,3 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,6% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 599 млрд теңге (бір жылдағы өсім - 22,8%). Бір жылдағы ең үлкен өсімді (45,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі шамамен 6 млрд теңге, – деп хабарлайды қордан.

Жинақтар мөлшерінің өсімі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен мүмкін болды. 2024 жылдың 4 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының көлемі - 856,4 млрд теңге (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,1% немесе шамамен 193 млрд теңгеге өскен).

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 4 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 57,9 млрд теңгеден асты.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.05.2024 ж. - 517,6 млрд теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 2024 жылдың 4 айында шамамен 285,5 млрд теңге болды. Бұл ретте осы көлемнің 41,7%, яғни 119 млрд теңгесі - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ). Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер шамамен 67,8 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,2 млрд теңгеге (39,5%) көп. Сондай-ақ мұрагерлік бойынша төлемдер – 18,5 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 11,4 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер - 3,3 млрд теңге жүзеге асырылды.

Сақтандыру ұйымдарына 64,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 33 858 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңге. Былтыр БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 090 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болған.

Фото: mail.kz

Байланысты жаналықтар

Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

16.11.2024

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

13.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады

31.10.2024
MalimBlocks
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Президенттері энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

Құжат Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан мен Польша арасындағы байланыс дамып келе жатқанын атап өтті

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған

Тоқаев Макронның шақыруымен Францияға барады