Шекарадан 70 тоннаға жуық күріш кері қайтарылды

Заңсыз өнім Үндістаннан жеткізілген

Мәди Саматұлы

  • 05.10.2024

Маңғыстау облысында «Болашақ» ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, Жамбыл облысындағы «Қарасу» ФББ инспекторлары фитосанитариялық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақ қайтарып берді. Осындай жағдай Қостанай облысындағы «Қайрақ» ФББ-де болып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ФББ-де қажетті құжаттары жоқ бір тонна алма табылды.

Сондай-ақ, Астана қаласы АИ инспекторлары «Астана халықаралық әуежайы» ФББ-де Ресейден әке рейсімен фитосанитариялық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.

Ресейден келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қарақарағайдың тірі дернәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсаты көрсетілмегені үшін өнім иесіне әкімшілік ережебұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті