«Ұлттық қор – балаларға»: 16,6 мың қазақстандық өтінім берді

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы 18 жасқа толған балаларға 100,05 доллар төлемақы есептелді.

Берік Дәулетов

  • 05.08.2024

Ұлттық қордан тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім ақысын төлеуге қаржы алуға 16,6 мың қазақстандық өтінім берді, деп хабарлайды Malim.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жыл сайын ұлттық қордың инвестициялардан түскен табысының 50 пайызы кәмелеттік жасқа (18 жас) толмаған балалардың жинақтау шоттарына аударылады. Биылғы ақпаннан бастап қазақстандықтар алғашқы төлемдерін ала бастады. Қор қаржысы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, сондай-ақ балалардың білім ақысын төлеуге бағытталады.

Айта кетсек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгіленді.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы 18 жасқа толған балаларға 100,05 доллар төлемақы есептелді. Былтырғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,9 млн бала бар. Оларға жіберілген аударымдардың көлемін egov.kz онлайн-платформасы немесе enpf.kz сайты арқылы білуге болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 шілдеге дейін қазақстандықтар білім беру ақысын төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға 16,6 мың өтінім берген. Оның ішінде 13 мыңға жуық өтінім жалпы көлемі 1,3 млн долларға қанағаттандырылды.

Қор қаражатын кезекті есептеу 2025 жылдың ақпанына жоспарланып отыр.

Фото: aikyn.kz

Байланысты жаналықтар

Роман Скляр жұмыс сапарымен «Нұр Жолы» өткізу пунктінің өндірістік қызметімен танысты

18.05.2025

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025
MalimBlocks