Жарты жылда 676 пәтер берілмек

  • 07.04.2021

Бүгін Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары А.Балықбаев «Шаңырақ» орталығында көпбалалы аналармен кездесіп, пәтер кезегі мен үй беру жайын талқылады. Балықбаевтың айтуынша, жарты жылдықта 676 пәтер берілмек. Оның 378 пәтері көпбалалы отбасыларға үлестірілмек. Сондай-ақ, жүз пәтер әлеуметті түрлі жандарға жалға берілмек.

Балықбаев әлбетте үй беру, үлестіру тәртібі заң бойынша, ҰОС ардагерлері мен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар баспананы бірінші кезекте алуға құқылы екенін айтып өтті.  

Осы жиынға қатысқан «Отбасы банк» АҚ өкілдері мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін үйлердің жайын баяндап өтті. Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар пәтер алуға қатысты сұрақтарын қойып, ресми өкілдердің жауаптары мен заң тәртібіндегі талаптармен танысты.  

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады