freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдегі жұмыс берушілер қызметкерлеріне 284 млн теңге қарыз болған

Құқық
Елдегі жұмыс берушілер қызметкерлеріне 284 млн теңге қарыз болған
pixabay.com

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша қарыз екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі анықталды. Бұл туралы Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп хабарлайды.   

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.

«Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2026 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді, оның барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1055; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды», – делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу