Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыста екінші нөмірмен тіркеліп, бірден екінші айналымнан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Оның Римдегі алғашқы қарсыласы - әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі таңда рейтингте 47-орында тұрған грек теннисшісі Мария Саккари болған еді.
Кездесу екі сетке ғана созылып, Рыбакинаның 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут өткізді.
Матч барысында қазақстандық спортшы бес эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 12 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 42-орында тұрған филиппиндік Александра Эаламен кездеседі.