freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Спорт
Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Instagram/LenaRybakina

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Мадридтегі WTA Madrid Open турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа тізімге сәйкес, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 8555 ұпаймен әлемдік рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды. Ол 10 110 ұпай жинаған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан кейін орналасқан.

Үздік үштікті 6948 ұпаймен Ига Швёнтек түйіндесе, төртінші орында 6749 ұпаймен Коко Гауфф тұр.

Мадрид турнирінің нәтижелері рейтингке де әсер етті. Рыбакинаны 1/8 финалда жеңген Анастасия Потапова 18 сатыға көтеріліп, 38-орынға (1355 ұпай) жайғасты.

Ал турнир жеңімпазы Марта Костюк 8 сатыға жоғарылап, 15-орынды (2507 ұпай) иеленді. Финалда жеңілген Мирра Андреева 4181 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу