Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы жаңа Конституция күні алдағы референдум өтетін 15 наурызға белгіленуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Мұны Әшімбаев cенат кулуарында мәлімдеді. Оның сөзінше, өтпелі ережелерге сәйкес, мереке Конституция қабылданған күнге белгіленуге тиіс.
“Қабылданған күн мен күшіне енген күн – екі бөлек ұғым. Өтпелі ережелер жобасында Конституцияның қабылданған күні көрсетілген. Ал ол – 15 наурыз”, – деді cенат төрағасы.
Ол түпкілікті шешім референдум нәтижесіне байланысты қабылданатынын айтты.
“Азаматтар өз ұстанымына сай дауыс беруге құқылы. Референдум да халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Қандай шешім қабылданса, соған сәйкес тиісті шешім шығады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады әрі Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді”, – деді Мәулен Әшімбаев