АҚШ Әділет министрлігі жариялаған құжаттар Францияның бұрынғы мәдениет министрі Жак Ланг пен оның қызы Каролиннің америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысын әшкерелеп, оларды салықтық алаяқтыққа күдіктенуге негіз беріп отыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Францияның Ұлттық қаржы прокуратурасы 6 ақпанда елдің экс-мәдениет министрі Жак Ланг пен оның қызы Каролинге қатысты «аса ірі көлемдегі салықтық алаяқтық және ақша жылыстату» күдігімен алдын ала тергеу бастаған. Бұл туралы сенбі күні, 7 ақпанда, Le Figaro газеті мен France Info радиокомпаниясы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, тергеу Mediapart агенттігінің АҚШ Әділет министрлігінің құжаттарына сілтеме жасап жариялаған материалынан кейін басталған. Онда Жак пен Каролин Лангтың өнер туындыларын сатып алумен айналысқан Prytanee LLC атты офшорлық компанияға иелік еткені айтылған. Бұл компанияны Каролин Ланг 2016 жылы жыныстық қылмыстар үшін сотталған америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен бірлесіп құрғаны көрсетілген.
Өз кезегінде Жак Ланг өзіне және қызына тағылып отырған айыптауларды «негізсіз» деп атады.