Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт өршіп барады

Сұқбат
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт өршіп барады

15 шілде күні «Ертіс орманы» резерватында өрт шығып аумағы мың гектарға жақындап қалды. «Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі, Галкино ауылдық округі және Шалдай ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын,- деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовтің шешімінде.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барып, жағдайды өз бақылауына алды.

Ал бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев басқа қызметке ауысып кетті. Бұл жайында комитеттің ресми Instagram парақшасында жазылды. Ол бұл қызметке 2022 жылы ақпанда тағайындалған. «Бүгіннен бастап басқа жұмысқа ауысуыма байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын. Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу - мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс айта отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін» деп жазды Нұрлан Наурызұлы әлеуметтік желіде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу