freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Фон дер Ляйен: Еуропалық Одақ Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие береді

Әлем
Фон дер Ляйен: Еуропалық Одақ Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие береді
REUTERS

Украина «қандай жағдай болса да» Еуропалық Одақтан 90 миллиард еуро көлемінде пайызсыз несие алады. Венгрия бұл бастаманы бұғаттап отырғанына қарамастан, қаржы бәрібір беріледі. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен сейсенбі, 24 ақпанда Киевте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Айқындай кетуге рұқсат етіңіздер. Бұл несие Еуропалық кеңесте 27 мемлекет пен үкімет басшылары тарапынан келісілді. Олар сөз берді. Ол сөз бұзылмауы тиіс», – деді фон дер Ляйен. Сонымен қатар, оның айтуынша, ЕО-да қолдануға болатын «әртүрлі нұсқалар» бар.

Урсула фон дер Ляйеннің сөзінше, Украинаға берілетін несиенің басты мақсаты – «қорғаныс саласындағы ең өзекті қажеттіліктерді» қамтамасыз ету. «Бұл батыл украин күштері үшін озық қорғаныс құралдарын сатып алуға, өндіруге және әзірлеуге көмектеседі», – деп атап өтті ЕК төрағасы.

Зеленский: «Дружба» құбырының бұзылуына Ресей жауапты

20 ақпанда Венгрия Украинаға несие бөлуді бұғаттады. Елдің Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның айтуынша, Будапешт «Венгрияға “Дружба” мұнай құбыры арқылы мұнай транзиті қайта жанданбағанша» өз ұстанымын өзгертпейді.

Украина мәліметінше, Ресей мұнайын Словакия мен Венгрияға жеткізу үшін оның аумағы арқылы өтетін мұнай құбыры 27 қаңтар күні Ресей соққылары салдарынан зақымданған. Соның нәтижесінде мұнай айдау тоқтатылған.

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында құбырдың бұзылуына Мәскеу жауапты екенін айтты. Ол Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды нысанға жасалатын шабуылдарды тоқтату үшін Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге шақырды және Украинаға қарсы шектеулер бастамауға үндеді.

«Құбырды Ресей қиратты. Сондықтан егер Орбан қандай да бір қаржылық қолдауды бұғаттағысы келсе, оны Ресейге қатысты жасай алады. Бірақ Украинаға емес. Біз бұл құбырдың бұзылуына себепкер емеспіз», – деп атап өтті Украина басшысы.

Венгрияның Vilaggazdasag (VG) басылымының мәліметінше, украин тарапы бұған дейін «Дружба» құбыры арқылы ресейлік мұнай жеткізу әзірге тек Словакияға ғана қайта жанданады деп хабарлаған, алайда нақты мерзімдер көрсетілмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу