Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футбол алаңына 6,5 млн теңге бөлген ауыл әкімі жазаланды

Қоғам
Футбол алаңына 6,5 млн теңге бөлген ауыл әкімі жазаланды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Егіндікөл ауылында аяқталмаған спорт нысаны үшін бюджеттен 6,5 миллион теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 14 қарашада ауыл әкімі құны 6,6 млн теңге болатын шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеуден өткізілді деп актіге қол қойған. Алайда прокурорлар фото және бейнематериалдарды зерттеу арқылы жұмыстар толық орындалмағанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде алаңда жабын төселмегені, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық шамдары және қоршаулар орнатылмағаны белгілі болды.

Аудан әкімдігі прокурорлық акт негізінде нысанды сметалық құжаттамаға сай жөндеуді міндеттеді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Әдеп кеңесі ауыл әкімінің әрекетін мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде бағалап, оған қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту берді.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу