Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гренландия партияларының көшбасшылары: «Біз америкалық болғымыз келмейді»

Әлем
Гренландия партияларының көшбасшылары: «Біз америкалық болғымыз келмейді»
Фото: interaffairs.ru

Гренландия парламенті — инатсисартуттағы бес саяси партияның көшбасшылары аралдың болашағын тек оның халқы өзі шешуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бірлескен мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты аумақтық талаптары аясында 9 қаңтарда жарияланды.

«Біз америкалық болғымыз келмейді, дат болғымыз да келмейді — біз гренландиялық болғымыз келеді», — делінген құжатта.

Мәлімдеме авторлары АҚШ-ты әлемдегі ең ірі аралға менсінбей қараудан бас тартуға шақырып, Гренландияның болашағы тек гренланд халқының еркімен анықталуы керек екенін атап өтті.

Сол күні Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алу үшін күш қолдану мүмкіндігін тағы да жоққа шығармады. «Гренландия мәселесінде біз оларға ұнаса да, ұнамаса да бір әрекет жасаймыз», — деді ол Ақ үйде. Оның айтуынша, АҚШ келісімге «жеңіл жолмен» келгенді қалайды, алайда қажет болса «қиын жолды» да таңдайды.

Трамп мұны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделерімен байланыстырып, Гренландия маңында Ресей мен Қытай кемелерінің көбейіп жатқанын алға тартты. «Біз Ресей немесе Қытайдың Гренландияны басып алуына жол бермейміз», — деді ол. Сонымен қатар, АҚШ әрекет етпесе, бұл елдер аралды өз бақылауына алуы мүмкін деген пікірін білдірді.

Гренландия — Дания құрамындағы автономиялық аймақ және кең саяси дербестікке ие.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу