freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүл иіскеймін деп уланып қалмаңыз: флористер сізге айтпай құпия дерек мәлім болды (ВИДЕО)

Әлем
Гүл иіскеймін деп уланып қалмаңыз: флористер сізге айтпай құпия дерек мәлім болды (ВИДЕО)
freepik.com

2022 жылы флорист Лора Маривеннің 11 жастағы қызы Эмми Маривен онкологиялық дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Біршама уақыт өткен соң Францияда пестицидтерден зардап шеккендерге өтемақы төлеумен айналысатын арнайы орган бұл жағдайға қатысты қорытынды шығарды. Мамандардың пікірінше, қыздың ауруына себеп – анасының жүктілік кезінде пестицидтердің әсеріне ұшырауы, яғни құрсақішілік улану болған. Лора Маривен гүл саласында жұмыс істегендіктен, химиялық заттармен тұрақты байланыста болған.

Флорист Мадлен Кингтің оқиғасы да осы мәселенің қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Ол ұзақ уақыт бойы өзін жайсыз сезініп, денсаулығының нашарлау себебін таба алмаған. Кейін бұл жағдайды өз жұмысына байланысты екенін түсінеді.

Мадлен жеке қорғаныс құралдарын қолдана бастайды, шеберханасына ауа тазарту жүйесін орнатады, жергілікті гүлдерді пайдалануға көшеді. Алайда оның жағдайы жақсармай, керісінше нашарлай береді. Тек мамандығын толықтай ауыстырғаннан кейін ғана денсаулығы оңала бастаған.

Сарапшылардың айтуынша, азық-түлік өнімдерінен айырмашылығы – кесілген гүлдердегі химиялық заттардың мөлшерін қадағалау жүйесі іс жүзінде жоқ.

2018 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде 90 гүл шоғын талдау барысында 107 түрлі пестицид анықталған. Тіпті екі қабат қолғаппен жұмыс істейтін флористердің өзінен 70 түрлі химиялық заттың іздері табылған.

Соның ішінде клофентезин атты заттың концентрациясы рұқсат етілген нормадан төрт есе жоғары болған.

Нидерландта (Еуропадағы гүл импортының ірі орталығы) жүргізілген зертханалық тексерулер раушан гүлдерінің құрамында жүйке жүйесіне және репродуктивті денсаулыққа қауіпті қалдық заттардың көп екенін растаған.

Әсіресе қызыл раушандар алаңдаушылық туғызады: бір ғана гүл шоғынан 26 түрлі химиялық қосылыс табылған, оның жартысына жуығы Еуроодақ аумағында ресми түрде тыйым салынған заттар болып шыққан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу