freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ғылым және мәдениет саласының өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік награда енгізілді

Білім-ғылым
Ғылым және мәдениет саласының өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік награда енгізілді
Үкімет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 20 сәуірдегі шешім ұлттық зиялы қауым мен ғылым саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға бағытталған.

Жарлыққа сәйкес, Үкіметке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырылды.

Ресми құжатта «Әл-Фараби» ордені мемлекеттік награда ретінде бекітілетіні және Үкіметтің осы Жарлықты іске асыру үшін тиісті шаралар қабылдауы керектігі атап өтілген.

Сондай-ақ орденнің сыртқы келбеті мен дизайнын әзірлеу міндеті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүктелді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу