freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Канада мектебіндегі қайғылы оқиға: 10 адам қаза тапқан, бірнеше адам жараланды

Әлем
Канада мектебіндегі қайғылы оқиға: 10 адам қаза тапқан, бірнеше адам жараланды
Getty Images, архив

Канаданың Тамблер-Ридж қаласындағы мектепте атыс болып, бірнеше адам қаза тапты, жарақат алғандар бар. Полиция 10 адамның көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Malim.kz  CBC-ге сілтеме жасап.

Канадалық басылымның хабарлауынша, орта мектептің ішінде алты адамның денесі табылды, бір адам ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды, ал тағы екі адамның денесі тұрғын үй ғимаратынан табылды. Тергеушілер мектептегі және тұрғын үй ғимаратындағы оқиғалар бір-бірімен байланысты деп санайды.

Күдікті мектеп ішінде де өлі күйінде табылды – полицияның болжамы бойынша, ол өзін-өзі атып өлтірген болуы мүмкін.

Ауыр жарақат алған екі адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ жергілікті медициналық орталықта жарақат алған 25 адам дәрігерлердің тексеруінен өтіп жатыр. Оқиға орнынан шамамен 100 адам эвакуацияланды.

Полиция қастандық жасады деген күдіктінің жасы нешеде екенін тергеу мүддесіне сәйкес жариялаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу