freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Канадада хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Әлем
Канадада хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Фото: theguardian.com

Канадада ел азаматының хантавирусты жұқтырғаны алғаш рет расталды, деп хабарлайды Malim.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

16 мамыр, сенбі күні Британдық Колумбияда карантинде жатқан төрт канадалықтың бірінен хантавирус анықталған. Олар бұған дейін үш адамның өмірін қиған індет тіркелген MV Hondius круиздік кемесінде болған.

Науқаста екі күн бұрын дене қызуы көтеріліп, басы ауыру секілді жеңіл белгілер байқалған. Кейін ол тексеру үшін ауруханаға жеткізілді.

Британдық Колумбияның бас санитарлық дәрігері Бонни Генри тест нәтижесі «алдын ала оң» болғанын айтып, нақты растау үшін сынамалар Виннипегтегі ұлттық зертханаға жіберілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, пациенттің жағдайы тұрақты, белгілері жеңіл және дәрігерлердің бақылауында.

Науқастың серіктесінен вирус анықталмағанымен, ол да бақылау үшін ауруханада қалып отыр. Вируспен байланыста болған тағы бір адам сақтық мақсатында ауруханаға жатқызылса, төртінші адам үй карантинінде.

Сәуір айының басында Нидерландқа тиесілі MV Hondius круиздік кемесі Атлант мұхиты бойынша сапарға шыққан. Бортта 23 елден келген шамамен 150 адам болған. Саяхат барысында бірнеше жолаушыда ауыр респираторлық ауру белгілері байқалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу