Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Катонқарағайда сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсті

Экология
Катонқарағайда сирек кездесетін қар барысы фототұзаққа түсті

Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында сирек кездесетін қар барысы фототұзақ объективіне түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Катонқарағай ұлттық паркінің мәліметінше, бұл кадрлар 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта түсірілген.

Бұл жетістікке Аршаты орманшылығының инспекторы Жомарт Аманбаевтың еңбегін ерекше атап өтпесек болмас. Оның ізденісі мен қажырлы жұмысы арқасында фототұзақтар дұрыс жерге орнатылып, осындай керемет нәтижелерге қол жеткізілді, деп жазылған парк хабарламасында.

Айта кетейік, қар барысы – Алтай тауының символы, табиғаттың саф мұрасы.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу