Колумбияда толассыз жауған жауынның соңы лай көшкініне ұласып, 5 адам опат болды. Бұл туралы 24 kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. Тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апаттан Сабанете қаласының тұрғындары зардап шекті.
Лай көшкінінен көп үй бүлінген. Тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазір апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Фото: скриншот