Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конституциялық реформа. Аида Балаева: жаңа Конституцияда елдің біртұтастығы айшықталады

Қоғам
Конституциялық реформа. Аида Балаева: жаңа Конституцияда елдің біртұтастығы айшықталады
ФОТО: ©egemen.kz

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Ата заңның ел дамуындағы стратегиялық маңызын айқындап берді. Бұл туралы malim.kz тілшісі хабарлайды.

Оның айтуынша, Қазақстан қазір реформалар жаңа құқықтық деңгейге көтерілген тарихи жаңғыру сатысында тұр. Министр жаңа Конституция жобасы елдің өткен жолын жоққа шығармайтынын, керісінше, саяси сабақтастықты сақтай отырып, жетістіктерді жаңғырту мен кемшіліктерді түзетуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Реформаның басты мақсаты – ел тәуелсіздігін нығайтып, әділдік пен заң үстемдігіне негізделген мемлекет құру. Аида Балаеваның пайымдауынша, Конституцияның «Біз – Қазақстанның біртұтас халқы» деп басталатын жаңа кіріспесі саяси ұлттың мәртебесін айшықтап, мемлекеттің болашақ бағдарын айқын көрсетеді. Жаңа нормалар азаматтық құқықтар мен ұлттық мүдделердің тепе-теңдігін сақтап, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтудың негізгі тетігіне айналуы тиіс.

Сонымен қатар, саяси жүйедегі өзгерістер, атап айтқанда, сайлау жүйесінің жаңаруы партиялар арасындағы бәсекені арттырып, сапалы қоғамдық пікірталасқа жол ашады. Министр Мемлекет басшысы ұсынған бұл өзгерістерді кезекті түзетулер емес, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеретін ұзақ мерзімді жаңа модель деп бағалады. Отырыс қорытындысында Аида Балаева ұсынылған мәтінді Конституцияның жаңа редакциясы емес, түбегейлі жаңа жоба ретінде қарастыру туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу