Әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған экс-дипломаттың ісі қай сатыда? Прокуратура жауабы

Түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады

Malim Админ

  • 12.11.2024

Прокуратура әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің мән-жайы туралы Malimдеді. 

Астананың Есіл ауданы прокуратурасының мәліметінше, іс бойынша тергеу әлі жалғасуда.  

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау") бойынша С.Т. Мамашқа қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық процесті жүргізуші орган қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады қадағалау органы. 

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының парақшасында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат пайда болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат шұғыл түрде елге шақырылатынын айтып жауап берді. Кейін зорлық-зомбылық туралы хабарлаған елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден қайтарылатыны белгілі болды. Бұл ретте оны әуежайда күйеуінің туыстары қарсы алды.  

Фото: Видеокадрдан алынған 

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды