Ақмолада санэпидемиологиялық талаптарды бұзған мектептерге 4,5 млн теңге айыппұл салынды
Мектептерді прокурорлар тексерген
Есіл ауданы прокуратурасы тиісті мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңның қаншалық сақталып жатқанын тексерді, деп хабарлайды Malim.kz.
Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі, дайын тағамдардың колориясы сай болмауы, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың болмауына және т.б. көптеген заңсыздықтар анықталды, деп жазды Бас прокуратура.
Соған байланысты ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауапқа тартылған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде білім беру нысандарындағы жоғарыда аталған заңбұзушылықтар жойылған.
Фото: ortcom.kz