Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Құқық
Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Ақтауда қызды аяусыз ұрып тастаған ер адам қамауға алынды. Жедел-іздестіру барысында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері  қылмысқа күдікті ер адамды анықтап, ұстады.


Прокуратураның нұсқауы бойынша күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.  

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қызды аяусыз ұрған видео тараған болатын.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Ақтаудағы дәмхананың алдында болған. Кадрларда ер адам қызға қол көтеріп, жерге құлатқаны көрінеді. Кейін оқиға куәгерлері қызға ара түскенімен, ер адам оны алып кетеді.

"Қыздың ерні жыртылып, көзі ісіп, денесі көгеріп, өлім аузынан қалған. Құрбыларының айтуынша, жігіт бірнеше айдан бері қыздың ізінен қалмайды, аңдиды. Жәбірленуші талай арыз жазғанымен, полиция ешқандай шара қолданбайды, себебі ол жігіттің органдарда жұмыс істейтін досы бар екен. Жәбірленуші қыздың құрбыларына шығып та қорқытқан", - деп жазылған әлеуметтік желідегі топтардың бірінде.  

Фото: Видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу