Бас прокуратура Кәрім Көкірекбаевтың ақталып шығуына қарсы

Олар сот үкіміне апелляциялық шағым түсірмек

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық білдіреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 маусымда алқабилердің қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялаған еді.

Ол адамдармен топтасып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Прокуратура соттың бұл үкіміне оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат түсіреді, деп жазды Бас прокуратура.

Айта кетейік, «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау»  мемлекеттік мекемесінің бұрынғы директоры Кәрім Көкірекбаев үлкен көлемде пара алды деген күдікпен 2022 жылдың желтоқсанында ұсталған еді.

Кәрім Көкірекбаев 2013-2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі болған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарып келді. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарған болатын.  

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді