457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Білім саласында жымқырылған қаржы қайтарылды

Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды

Қазақстанда білім саласында жымқырылған 1,5 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

- Бүгінде Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру аяқталды. Оның ішінде бес іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді, - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Тергеу амалдары кезінде күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге көлемінде залал өндірілді. Сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды.

Фото: halyq-uni.kz