Елорда мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Оның мүліктері мен премиум санаттағы пәтеріне шектеу қойылған

Мәди Саматұлы

  • 07.09.2024

Елорда әкімдігі мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталды. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдік туған. Субұрқақ Астана күніне орай ашылған. Алайда, 2017 жылдан бастап субұрқақ апатты жағдайға түскен. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеуден белгілі болғаны, жоба миллиард теңгеден астам ақшаға салынған, бірақ мәдениет басқармасы оны мемлекеттік сатып алусыз салдырған. Тіпті, субұрқақта жобалау-сметалық құжаттамасы жоқ және мемлекеттік сараптамадан да өтпеген болып шыққан.

Кейінірек «Күн» субұрқағының сапасыз материалдардан жасалғаны, сол себепті тез істен шыққаны анықталған.

Тергеу жүргізіп жатқан ҚМА мәліметтері бойынша, сол кездегі қаланың мәдениет басқармасы бастығының бұған тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық үй-жайы, 2 паркингі және премиум санаттағы пәтеріне шектеу қойылған.

Сондай-ақ, іс бойынша субұрқақ салған мердігер компаниялардың өкілдері де күдіктілер қатарында екені айтылады. Барлығын есептегенде, 500 миллион теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.

Фото: instagram/bolatmazhagulov

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks