Ішкі істер органдарының бірқатар басшысы жүйелі жемқорлығы үшін сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

Берік Дәулетов

  • 30.05.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың жолын кесуге ерекше назар аударады. Осы айда ішкі істер органдарының бірқатар басшысы сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәлім болғандай, Өскемен қаласының соты қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А. А. Тернопольскийге және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды.

Ол жүйелі негізде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған «полиция подполковнигі» арнайы атағынан айыра отыра айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Р. А. Байтанбалиев және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы М. Б. Ербаков, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін — № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Д. Т. Биекенов сотталды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асты.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Есіл ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Е. Жұманов 5 жылға шартты түрде сотталды.

Ол ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатқаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Ақтөбе облысының аудандық сотымен облыстық полиция департаменті Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А. М. Ерғалиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ол мемлекетке 243 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соққан заттай дәлелдемелерді (612 мыңнан астам қорап темекі) жеке меншікке заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Ақтау қалалық соты облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ш. Қалмұрзаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған.

Барлық сотталған адамдар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

27.03.2025

Арғын Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған

20.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

19.03.2025

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

19.03.2025

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

19.03.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген

Кәсіпкерлерге "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени мұражай-қорығы аумағында заңсыз иемденген ғимараттарды босату міндеттелді

Арғын Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулиннің тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді.

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігі мен оның лауазымды тұлғаларын сотқа берді