«Мектептер мен балабақшалардан ақша жинаған»: Ақтөбеде білім бөлімінің экс-басшысы ұсталды

Жұмахановтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған.

Malim Админ

  • 05.06.2024

Ақтөбе облысында Шалқар аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қамауға алынды. Бұл ақпаратты аудан әкімі растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жұмахановтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Ақпаратта экс-шендінің қарамағындағылардан 20 млн теңгеге дейін ақша жинағаны айтылады. Ол жергілікті мектептер мен балабақшалардан ақша жинаған болуы мүмкін. 

Әзірге аудан әкімі Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Қази Жұмахановтың ұсталғанын растады.  

Кеше естідім. Ұсталды, қамады дегенді. Ақпаратты білмеймін. Істі жүргізген жауапты органнан анықтай аласыз,- деді Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов. 

39 жастағы Қази Жұмаханов Шалқар ауданы білім бөлімі басшысы қызметін бір жылдан аса уақыт атқарды. Ол аталған қызметке 2023 жылдың 5 қаңтарында тағайындалған.

Оған дейін Жұмаханов Қаратоғай орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Б.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры және Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

Ақтөбе облыстық Білім басқармасы мәліметінше, экс-шендінің өз еркімен қызметтен кеткен.

2024 жылдың 24 сәуір күні Қази Жұмаханов Шалқар ауданы білім бөлімі басшысы қызметінен өз еркімен босатылды. 

Фото: Шалқар аудандық білім бөлімі парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Сарқан ауданында білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты

02.03.2025

Балабақшада азық-түлікті қымбат бағамен сатып алуды көздеген

17.02.2025

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

14.02.2025
MalimBlocks
Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Сарқан ауданында білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Ақтөбе облысында жүк көлігі 33 жолаушысы бар автобуспен соқтығысты

Балабақшада азық-түлікті қымбат бағамен сатып алуды көздеген

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды