Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

Құқық
Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

Алматы облысында жасөспірім қыздар өздері қатарлас қызға қысым жасап, ақша бопсалаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді.


Айтуынша, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, оларды жауапқа тартты.

«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары сотқа жөнелтілді», – дейді Бауыржан Әленов.

Қазір ювеналды полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: видеодан алынған скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу