Қаңтар оқиғасы: Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы абақтыда азаматтарды азаптау бойынша іс тергеліп жатқаны хабарланған еді, деп хабарлайды Malim.kz.
Экс-полицейдің қамауға алынғаны туралы Бас прокуратура хабарлады. Онда Б. Әлібеков 2024 жылдың 28 мамырында ұсталғаны айтылған. Оған ҚПК-нің 128-бабы бойынша айып тағылған.
Өзге мәліметтер Қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді.
Айта кетейік, 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталған-тын. Оның оқиғаға байланысы расталмаған соң босатылады. Одан кейін ол полицияның азаптағанын мәлімдеді. Кейінірек музыкант ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін Астананың Алматы аудандық сотына ҚР Ішкі істер министрлігіне қарсы шағым түсірген. Алайда талап-арыз қабылданбаған еді.
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Ең көп оқылған
