«Қара нарықта 36 млрд теңгеге бағаланады». ҰҚК былтырғы жұмысын қорытындылады

Сондай-ақ, 60-қа жуық есірткі жеткізу арнасын жойған

Мәди Саматұлы

  • 09.01.2025

2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясында 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырған, деп хабарлайды Malim.kz

ҰҚК мәлімдеуінше, заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленген. «Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.

Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталған.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылған.

Фото: ҰҚК

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

Бір айда 17 есірткі зертханасы жойылды

28.02.2025

Шымкентте есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды

14.02.2025

Орал қаласында есірткі тасымалдаушы ұсталды

01.02.2025

Қызылордада полиция есірткі фитозертханасын жапты

29.01.2025

Наркокурьер Астанаға 45 келі гашиш пен 312 келі марихуана әкелмек болған

23.01.2025
MalimBlocks
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Бір айда 17 есірткі зертханасы жойылды

Жыл басынан бері Қазақстанда 42 есірткі зертханасы жойылды, 45 күдікті ұсталды.

Шымкентте есірткі жасаумен айналысқандар ұсталды

Орал қаласында есірткі тасымалдаушы ұсталды

Қызылордада полиция есірткі фитозертханасын жапты

Наркокурьер Астанаға 45 келі гашиш пен 312 келі марихуана әкелмек болған

Ол ҰҚК қызметкерлерінің қолына түсті