Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты сотқа апелляциялық шағым жолдамақ

Қорғаушылар тарапы Қаржаубайдың эмоциялық жағдайын түсіндірген

Malim Админ

  • 11.12.2024

Сот шешімімен 15 тәулікке қамалған Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Саида Тәуекел Шерзаттың әкесі полицияға шабуыл жасамағанын, тек екі қызметкер отырған көліктің дөңгелегін жарып тастағанын айтты. Адвокаттар сот шешіміне аппеляциялық шағым жолдағалы жатыр.

«Кеше Қаржаубай Нұрымов ұсталған соң, дереу артынан барып ара түстік. Оның эмоциялық тұрғыдан таусылып отырғанын көрдік. Денсаулығы нашарлаған деп күдік келтіріп, дереу жедел жәрдем шақырдық. Диагноз қою үшін бірқатар тексеру жүргізу керек болды. Оны Еңбекшіқазақ аудандық ауруханаға әкелді», – деді Саида Тәуекел.

Адвокаттың айтуынша, ол жерде дәрігерлер Қаржаубайға толық медициналық тексеру жүргізіп, инсульталды жағдайды жоққа шығарды. Организмі зорыққанын, денсаулығында басқа да кілтипандар бар екенін айтқан.

«Құдайға шүкір, төніп тұрған қатты қатер жоқ деді. МРТ-дан, рентгеннен өткізді, қан сынамасын алды. Қауіп жоқ екеніне көз жеткізген соң, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына қайта келдік. Барлық қажетті құжатты рәсімдедік», – деді Саида Тәуекел.

Оның сөзіне қарағанда, сот онлайн өтті. Сотқа қатысқан прокурор он бес күнге қамауды сұрапты. Қорғаушылар тарапы Қаржаубайдың эмоциялық жағдайын түсіндірген. Сол күні және оған дейін болған оқиғалар тізбегін ескеруді сұраған.

«Ол полицияға шабуылдаған жоқ. Ал мүлікті бүлдіргенін жасырмайды. Қаржаубайдың сауалы бар полицейлер отырған көліктің дөңгелегін жарып тастаған. Мұны ол сол орыннан полицейлердің кетіп қалмасы үшін жасаған. Осы мақсатта ол дөңгелекке пышақ сұққан. Бірақ басқа адамдарға шабуылдамаған. Ол тек қана өз өміріне қауіп төндірген», – деді адвокат.  

Саида Тәуекелдің айтуынша, ол өзінің әрекеті заңсыз екенін түсініп отыр. Қорғаушы тарап соттан оған ең жеңіл жаза кесуді, айыппұл төлетуді өтінген.

«Бірақ сот прокуратураның талабын қанағаттандырып, 15 күнге қамауға алынды. Алайда біз аппеляциялық шағым жазып, жолдағалы жатырмыз», – деді адвокат. 

Фото: видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

Талғар ісі. Абзал Құспан тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты

18.12.2024

Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

11.12.2024

Талғардағы жағдай. Депутат Абзал Құспан парламентте ашық тыңдалым өткізуді ұсынды

11.12.2024
MalimBlocks
Талғар ісі. Абзал Құспан тергеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Ол Алматы облысы прокуроры мен облыстың Полиция департаменті басшысымен жолыққан

Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

Шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді

Талғардағы жағдай. Депутат Абзал Құспан парламентте ашық тыңдалым өткізуді ұсынды

«Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын» дейді А.Құспан