Қазақстанда террористік шабуыл жасамақ болғандар ұсталды

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Malim Админ

  • 13.06.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жыл басынан бері бір лаңкестік әрекеттің алды алынғанын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

12 маусымда ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. Онда шетелдік радикалдардың ену қаупін жою, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ осал нысандарды терроризмге қарсы қорғау мәселелері қаралған.

Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланғаны айтылды.

Сонымен қатар ҰҚК биылдан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді, - делінген хабарламада.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Президент өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

19.10.2024

Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

19.10.2024

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

14.10.2024

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

07.10.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Президент өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Қанат Далматов бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары болған

Ақмола облысында есірткінің ірі зертханасы жойылды

Күдіктіден 7 келі «мефедрон» тәркіленген

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

Арпа және жемшөп дақылдары – бүкіл Қытай бойынша экспортталады