Қостанай облысында 57 жастағы ер адам 12 жастағы немересін зорлап келген

Қыздың әжесі немересінің емес, күйеуін қорғау үшін адвокат жалдаған

Арман Қайыпхан

  • 27.05.2024

Бұл туралы "Немолчи.кз" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Дина Таңсәрінің айтуынша, 57 жастағы ер адам - қыздың әжесінің азаматтық некедегі күйеуі. Осы тұста қыздың әжесі немересінің емес, күйеуін қорғау үшін адвокат жалдағанын айта кетейік.

Ол қыздың әжесімен бірге 15 жыл бойы отасып келеді. Яғни, қызды дүниеге келген кезінен біледі. Биылғы жылдың қаңтарынан бері бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық оқиғасы болған: басында қызбен сүйісуге әрекет жасаған, кейін қыздың киімінің ішіне қол жүгірткен, ең ақырында іш киімін шешкен, - дейді ол.

Қаскөй жас жеткіншекті "Егер біреуге айтсаң, саған да анаңа да жаман болады" деп қорқытқан. 13 сәуірде ер адам қызбен бірге әжесінің пәтерінде оңаша қалып, шешініп тастаған. Ол қыздың анасы кешке дейін жұмыс істейтінін білген. Дәл сол сәтте қыз тыр жалаңаш ер адамды суретке түсіріп үлгерген. Ал кешке қарай анасына осы суретті көрсетіп, барлығын жайып салған. Анасы бірден полицияға хабарлаған. 

Қазір күдікті қамауда. ҚР ҚК 121-бабы, 4-бөлігі бойынша, яғни кәмелет жасына толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - дейді Таңсәрі.

"Немолчи.кз" қорының жетекшісі Қостанай облыстық полиция департаментіне және прокуратурасына жүгініп, аталмыш істі қатаң бақылауға алып, бала құқығын қорғауды сұрады.

Фото: Shutterstock

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі