Қызылорда облысында келінін балағаттаған ене 10 тәулікке қамалды

Арман Қайыпхан

  • 14.10.2024

Қызылорда облысында келінін балағаттаған енеге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот оған 10 тәулікке қамауға алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу тұрғысында жаза тағайындады.

Сотта азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, келініне балағат сөздер айтып, мазасын алып, жанұя шырқын бұзғаны анықталды.

Ол бұған дейін 2024 жылы11 сәуірде осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, одан еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты қайталап отыр. Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған, - делінген сот хабарламасында.

Б-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген, - делінген хабарламада.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

21.04.2025

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

14.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды