Ресейден Талдықорғанға заңсыз бара жатқан 4 вагон бидай кері қайтарылды

Соңғы уақыттары мұндай жайттар көбейген

Мәди Саматұлы

  • 08.09.2024

Қазақстанға дәнді-дақылдарды әкелуге тыйым салынғаннан бері тыйым салынған өнімді заңсыз әкелуге тырысқандар көбейген. Белгіленген шектеулерді айналып өту үшін әр түрлі әдіс қолданылып келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 6 қыркүйекте БҚО теміржол фитосанитарлық посттарында аумақтық инспекция инспекторлары Ресейдің Саратов облысынан келген 4 вагон бидайды (251 тонна) тауып, кері қайтарған.

Вагондар Талдықорғанға бағытталған.

Министрлік мәліметінше, бұл дерек дәнді-дақылдардың контрабандасы әрекеттерінің жалғасып жатқанын көрсетеді.

Өсімдіктер карантині бойынша инспекторлар үздіксіз бақылау мен қадағалау жүргізіп, тексерулер жүргізіп, ақпаратты талдайды, ережелердің сақталуын қадағалайды және заңбұзушылықтарды анықтайды, бұл елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, деп жазылған ресми хабарламада. 

Еске сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және дәнді-дақылдарды қайта экспорттау деректерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен келетін бидайды барлық көлік түрлерімен әкелуге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстан аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, күшіне енеді.

Фото: eldala.kz/kz

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді