Шымкентте жұртты 179 млн теңгеге алдап соққан ХҚКО маманы сотталды

Ол елді жер телімі мен пәтер алып беретін болып алдаған

Мәди Саматұлы

  • 29.09.2024

Бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасаған Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкент қаласы сотының мәлімдеуінше, сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,08 га жер телімін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс істеу, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін алдап аса ірі мөлшерде жалпы  113 млн теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.

Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушіден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді, деп жазылған сот хабарламасында.

Сондай-ақ, сотталушы кінәсін ішінара мойындаған, шын ниетпен өкінбей, 14 жәбірленушінің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал қаражаты өндірілмеген. Жәбірленушілер кешірім бермеген.

Соған байланысты сот, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды