Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

Malim Админ

  • 17.04.2025

Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқуға жәрдемақы алу құқығын қалпына келтірді. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 


Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың орындалуына талдау жүргізді.

Конституцияның 28-бабына сәйкес әрбір азаматқа мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар.

Талдау барысында Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13 106 теңге), төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Не себеп болды

Заң бұзуға білім беру ұйымдарының ата-аналарды тиісті түрде хабардар етпеуі себеп болған.

Талдау қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының Білім бөлімне ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды. Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады, — делінген хабарламада.

Фото: baq.kz  

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс