Үш адамды өлтірді деп айыпталған адамды алқабилер ақтап алды

Прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

Malim Админ

  • 06.09.2024

Солтүстік Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен үш адамды өлтірді және тонады деп айыпталған К-ға қатысты сот үкімі шықты. 


СҚО сотының мәліметінше, К.-ға мынандай айып тағылған:

2021 жылғы 5 қарашада Петропавлда пәтерлердің бірінде туған күн кешінде болып, М. деген азаматтың курткасының қалтасынан 20 мың теңгені ұрлап кеткен.

2023 жылдың 5 қыркүйегінде К. анасының үйінде өзімен азаматтық некеде бірге тұратын К. А.-мен жанжалдасып, оны өлтіруге ниеттенген.

Айыптау қорытындысы бойынша, К. азамттық әйелінің кішкентай қызын көтеріп, еденге алып ұрған. Алған жарақаттарынан бала сол жерде қайтыс болды. Әрі қарай айыпталушы әйелдің қылмыстық жауапкершілікке тартамын дегенінен қорқып, оны өлтіру үшін аузы-мұрнын жауып, тұншықтырған. Есінен танып қалған К. А.-ны өлді деп ойлап, тұншықтыруын тоқтатқан.

Бұдан кейін ол оқиғаға куәгер кәмелет жасына толмаған інісі С.-ны да тұншықтырып өлтірген. 

К. үш адамның өлімін жазатайым оқиға ретінде көрсетіп, өз қылмысын жасыру мақсатында, А. ес-түссіз күйде жатқан кіреберіс бөлмеге от қойған. Салдарынан әйел иіс тиіп, уланып, көз жұмды.

К. өрттің өздігінен шыққанын дәлелдемек болып, терезені сындырып, сыртқа шығып, көмекке шақыра бастаған.

Прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша К.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап К.-ны ақтауды сұрады. Алқабилер алқасының үкімімен К. кінәсіз деп танылып, қылмыс оқиғасы болмады деп ақталды.

Сондай-ақ К. заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін келтірілген зиянды өндіріп алуға құқылы деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: dzen.ru 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген