Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат БАӘ-ден экстрадицияланды (ВИДЕО)

Ол 21 млн теңге пайда тапқан

Мәди Саматұлы

  • 31.08.2024

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Биылғы тамызда ол Әбу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды, деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Айыпталып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

22.04.2025

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

08.04.2025

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

07.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді

Тоқаев ҚМА төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

Бас прокуратура медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз өскенін айтты