Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Саясат
Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің жарлығымен премьер-министр кеңесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлыбек Нәлібаев әр жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қызылорда облысы мен қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Нұрлыбек Нәлібаев қазіргі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың інісі. Ол ел есінде Қызылорда тұрғындарының үйіне аяқ киімін шешпей кіруімен, жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қыруар қаржы бөлуімен (2019 жылы 4 млн 600 мың теңге жұмсаған), Қызылорданы басқарған тұста (2019 жылы) облыс аумағында тіргелген 114 сыбайлас жемқорлық ісінің 106-ы Қызылорда қаласында болғанымен қалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу