Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейіп, дауылды сипат алуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, 5 мамырда елдің солтүстігінде, ал 6-7 мамырда батысында нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Температураға келсек, айтарлықтай ауытқулар болмайды. Алайда оңтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 27-36 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыста 20-35 градус аралығында ыстық болады.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың мамыр айына арналған кеңес сипатындағы болжам жасаған. Оған сәйкес, Қазақстанда жалпы алғанда ауа райы қалыпты деңгейден жылырақ болады, ал жауын-шашын ел аумағында біркелкі түспейді.