Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Сұқбат
Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

«Крокус Сити Холдағы» оқиғаға байланысты Мәскеуде және бірқатар аймақта бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, білім беру «қашықтан оқытуға» ауыстырылуда, деп жазды BBC. 

Мәскеу облысы, Мәскеу және Ресейдің бірқатар облысының билігі бұқаралық іс-шараларды тоқтатып, көпшілік демалатын орындарды жабуда. Мәскеуде мұражай мен театр, атап айтқанда Третьяков галереясы, Пушкин мұражайы және тарих мұражайы жабылады.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин алдағы демалыс күндері барлық спорттық, мәдени және басқа да бұқаралық іс-шаралардың тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі университеттерге демалыс күндері бұқаралық шаралардан бас тартып, сабақтарды «қашықтан оқытуға» ауыстыруды ұсынды.

Мурманск облысының губернаторы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізбейтінін хабарлады.

Ал Татарстан басшысы да осындай шешім қабылдады.

 

ФОТО: Reuters

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу