Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Әлем
Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Мәскеу облысының Балашиха қаласында автокөлік жарылысы салдарынан Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Бас операциялық басқармасы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Ярослав Москалик қаза тапты. Бұл туралы 25 сәуір күні Ресейдің Тергеу комитеті хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарылғыш құрылғы қашықтан басқару арқылы іске қосылған. Москалик үйден шығып, автокөлік жанынан өтіп бара жатқан сәтте жарылыс болған. Оқиға орнынан жарылғыш заттың қалдықтары табылып, сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» және «Жарылғыш заттардың заңсыз айналымы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық кодекстің 105 және 222.1-баптары).

Марқұм жарылыс болған үйде тұрған. Бұл үй 2010 жылы әскери қызметкерлер мен зейнеткерлерге арналған «Авиациялық» ықшамауданында салынған.

Ярослав Москаликке 2021 жылы генерал-лейтенант әскери шені берілген. Ол Ресей армиясының жоғары әскери басқару құрылымында маңызды лауазым атқарған.

Соңғы уақытта Ресейде және Ресей басып алған Украина территорияларында жоғары лауазымды әскери қызметкерлер мен шенеуніктерге қарсы шабуылдар жиілеген. Украина тарапы мұндай операцияларға ресми түрде жауап бермегенімен, кейде ақпарат құралдары арқылы өз қатыстылығын жанама түрде растайды.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу