Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаев туған күнін Түркияда тойламақ...

Саясат
Назарбаев туған күнін Түркияда тойламақ...
Көрнекі фото: Дамир Өтеген

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға аттанып кетіпті. Бұл туралы KazTAG агенттігі жазды.

Биыл 6 шілде ресми түрде тойлана ма, жоқ па, тойланса қандай деңгейде аталып өтеді деген сұрақ талқылана бастағанда Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ұшақ Түркияға ұшып шығыпты.

«Жексенбі күні жағдайды білетін ҚазТАГ дереккөзінің хабарлауынша, ылғи Назарбаевтың өзі мініп жүретін "Бүркіт» Қазақстан мемлекеттік әуекомпаниясының Airbus A320 Neo ұшағы Түркияға ұшып  кеткен. Дереккөз Қазақстанның экс-президенті өзінің туған күнін отанында емес, түріктердің Бодрумында атап өтетінін де жоққа шығармайды», - деп жазады агенттік.

Жалпы, 6 шілде ресми түрде Астана күні аталғанмен, көптеген қазақстандықтар бұл күнді Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінің құрметіне қойылған мереке деп санайды. Және қоғамда бұл мерекені алып тастау туралы жиі айтылады.

Әзірге ресми билік 6 шілдеге арналған қандай да бір іс-шаралар жоспарын жариялаған жоқ. Өткен аптада ғана Астана күні мен Тұңғыш президент күніне қатысты сұраққа сенат депутаты Ақмарал Әлназарова бұл мәселені қайта қарап, қайта форматтаға болады деп жауап берген. Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов та Астана атауын қайтару мен Астана күнін ауыстыру туралы мәселені билік емес, қоғамның өзі көтеруі керек екенін, егер қоғам тарпынан сондай талап түссе, оны міндетті түрде қарастыруға болатынын айтқан.  

Экс-президенттің құрметіне қойылған қала, көше, университет, мектеп және басқа да атаулардан бөлек, 1 желтоқсанға белгіленген Қазақстанның тұңғыш президенті күні де аталып өтіледі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу