Астана күні мен Тұңғыш Президент мерекесі қала бере ме? Сенатор жауабы
Неге қайта қарамасқа...
Тұңғыш Президент және Астана күндері қайта қаралуы мүмкін. Сенатор Ақмарал Әлназарова аталмыш мерекелерге қатысты өз пікірін білдірді.
Журналистердің «Астана күнін өзгерту қажет пе?» деген сұрағына депутат жауап берді. «Қандай жағдай болса да бізге Астана күні қажет. Неге қайта қарамасқа деп ойлаймын. Мүмкін, Елорда күнін қайта қарап, қандай да бір тарихи даталарға тікелей байланыстыру болашақтың ісі шығар», - деді Әлназарова. Сондай-ақ тілшілер 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін атап өту туралы сұрақ қойды. «Біз еліміздің демократиялық даму жолын таңдадық, осы жолда жүруіміз керек (...) Бұл мәселе шешілетін болады (1 желтоқсанды мерекелеу – ред.), бәлкім мереке қайта форматталуы мүмкін», - дейді сенатор.