freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге салынған тыйымға қатысты пікір білдірді

Құқық
Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге салынған тыйымға қатысты пікір білдірді
Нурлан Алибекович Сабуров/VK

Танымал стендапер Нұрлан Сабуров Ресей аумағына кіруіне қатысты туындаған жағдайға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл мәселемен қазір заңгерлер айналысып жатқанын айтып, құқықтық рәсімдер аяқталғанша кеңінен түсініктеме бермейтінін жеткізді. Әртіс уақыт өте келе барлық жайт өз орнына келетініне сенім білдірді. 

Сабуров мәлімдемесінде өзінің шығармашылық жолына да тоқталды. Оның айтуынша, стендаптағы кәсіби қадамы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасқан. Осы жылдар ішінде ол Ресейдің көптеген қаласында өнер көрсетіп, түрлі ұлт өкілдерінен құралған кең көрермен аудиториясын қалыптастырды. 

Әзілкеш өзін өнер иесі ретінде шыңдауға мүмкіндік берген ортаға ризашылығын білдіріп, көрермендерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдері мен блогерлерге жеке өміріне құрметпен қарауды сұрап, отбасы мүшелерін бұл тақырыпқа араластырмауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу